Book Creator

Электронды кітапша

by 0105081618sa

Pages 4 and 5 of 10

Көркем сөздің көсемі

Тынымбай Нұрмағамбетов шығармашылығына арналған электронды көмекші құрал
Жоба авторы : Адилова Альбина
Жетекшісі : Амирханова Сара
Автор жайлы виртуальды көрме
Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін талдау жолдары
1.Төмендегі үзінді арқылы автор не айтқысы келді?
Бала енді арман-мақсатына жеткендей елеуреп тұрып:
— Сосын екеуіміз базарға барамыз ғой, — деді тағы да.
— Базарға неге барамыз?
— Онда мамам бар емес пе?
— Иә, мамаңа барады екенбіз ғой.
— Мамамды тауып алсақ… әр жағында папамды, іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғо Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан    Алматының базарының мына шеті мен ана шетіне көз жетпейді деп… Құжынаған халық деп…
А) Бала базарда қыдырғысы келеді.
В) Баланың ата-анасын сағынуын білдіреді.
С) Баланың ата-анасының бірге болуын аңсауын білдіреді.
D) Бала Алматыға барғысы келеді.
Loading...
"Сәйкесін тап" ойын тапсырмасынан бұрын сюжеттік композиция желісі негізінде үзінділер оқу арқылы ой бөлісу жұмыстары жүргізіледі.
Loading...

1. Төмендегі үзінді оқиғаның басталуына жата ма?
Есмағамбеттің, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұның, шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді.
2. Оқиғаның басталуы одан әрі Есмағанбет пен Сержанның танысуымен жалғасады ма?
Мама-аа… мама-аа…
Сенсің ғой ең дана-а..
Мәңгі дос сен ғана-а… —
деп әндеткен сүйкімді бала дауысын естіді. Бірақ Есмағамбет олай бір, былай бір бұрылып, маңайынан бала кѳрмеді. Сѳйтсе, үстіне су жаңа ақ, футболка киген төрт жастар шамасындағы ер бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы кѳлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек… ойыншық шелек…
Loading...
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаған соң шығарманың фабуласын табуға оқушылармен келесі сәйкестендіру жұмысы атқарылады:
Loading...
Loading...
ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР
https://wordwall.net/create/entercontent?
guid=0a52b05100aa446993e2bd1cfa280e4c&
templateId=3&autosave=true
Суреттер галереясы
PrevNext