Book Creator

9-сынып Т2

by Салима Турлыбекова

Cover

Loading...
Дүкенбай Досжан
«Төрт патшаны көрген кейуана»
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Апақ-сапақ (кешкілік мезгіл) уақытта Күләшім есік қағады. Жүзі өртше алаулап, ентігіп сөйлейді.
—Президент бір топ ауыл үлкендерін өз резиденциясында қабылдамақшы екен ертең!.. Қабылдау тізіміне енгізген бір кейуана (қартайған әйел адам, қарт ана) аяқ астынан ауырып қалыпты!.. Енді сол үлкендердің орнын толтыратын кім бар дегенде сізді атап едім!.. Ертең Президент қабылдауына барасыз, алла бұйыртса!
Мына оқыс (күтпеген) хабарға не дерімді білмедім, аузыма жөнді сөз түспеді. Біраздан соң барып айтқаным:
— Ақкөңіл сіңлім-ау, мен Қаратау мен Сырдария арасын мекендеген қияндағы (алыстағы) қызылордалық боламын, баланы паналаған қаланың жатыпішерімін (еңбек етпейтін адам)! Сендерге керегі — я еңбек ардагері, я соғыс мүгедегі болар, — деймін.
...«Беу, дүние-ай! Маусымның басында Президент қабылдайтын үлкендердің тізіміне ілініп, етегіме сүрініп, алтын сарайға жеткенім есімнен кетпес. «Етегіме сүрініп» деген сөзді бекер айтпадым, өйткені сол қабылдауға жазылған жиырма шақты ақсақал, кейуана кісілердің ішіндегі жасы үлкені өзім екенмін. Бір қолтығымнан әкім бала Байбақтинов, бір қолтығымнан Күләш қолтықтап,сырты аппақ қардай, іші сары алтындай, мұнтаздай (тап-таза) кең сарайға келіп кірдік.
Еңсемді көтеріп (денені тік ұстау), басымды шалқайтып сарайдың төбесіне қарай алмадым, тайып кетем бе деп аяғымның астынан көз алмаймын».
Кең сарайдың салтанаты керемет. ...Күләшті бір уақытта  жоғалтып алдым, әкім баланы әлгі солдаттар: «Сізге кіруге болмайды», - деп алып қалыпты. Тайғанап жығыла жаздап таяғым (трость) құлады, көзілдірігім сусып кеудеме түсті
Жіппен байлап алғаным ақыл болыпты. Қасымдағы ақсақал ұстап қалмағанда - үлкен сарайдың кіре берісіңде шашылып (құлау) қалатын едім.
     «Келе жатыр!»- деген сөзді құлағым шалды (фр. есту). Аппақ қолғап киген бірер солдат қолтығымнан көтеріп, орындыққа әкеп отырғыза қойды. Көзілдірігімді кеудемнен тауып ап, көзіме киіп, сығырайып қараған кезім. Я, Жаратқан Ие, көрсеткеніңе шүкір деймін! 
Президент жылдам еніп жақындап келіп сәлемдесті.
— Ой, апа, жасыңыз нешеде? - деді.
— Тоқсанның үстіндемін, балам, жүзге жуықтадым. Көзім нашарлап, бет-жүзіңді анық көре алмай тұрмын, балам!
Президент қасындағы көмекшісіне бұрылды.
— Мына кісінің көзін емдетіңдер, жақсы көзілдірік әперіңдер!
— Дидарыңа қанып (бет-әлпетін көру), батамды берейін деп келдім, шырағым!
Осы мезет суықтау кісі жетіп кеп, құлағыма сыбыр етті.
«Кейуана, тыныш отырыңыз! Сізден сөз сұраған ешкім жоқ! Қазір Президент сөйлейді!».
Бұрындары құлағым бірде ашылып, бірде жабылып түк естіртпеуші еді, бұл жолым жаратқан ием көмектесті ме, Президент баламның даусын анық естідім. Кәдімгідей қазақы тілінде сөйлей жөнелді.Сол кездесуде екі нәрсе есімде қалыпты. Бірі: Нұрсұлтан баламның жүзінен ниеті (адамгершілігі) көрініп тұрды. Жүзінен ниеті көрінген кісі жарық дүниеде қор болмайды. 
Екінші есімде қалғаны: Шамалған жақтан келген бір кісі «пенсиям аз, пенсиям аз!» — деп құлақты жеп қойды. Сол мезетте Нұрсұлтан балам сөйлеп тұрған сөзін үзіп: «Ақсақал, балаларыңыз бар ма?»- деп сұрады. Әлгі кісі: «Иә, бар, бес балам бар, бәрі жоғарғы оқуды бітірген», - деп жауап берді. Нұрсұлтан балам : «Қазақта қартайған ата-анасын балалары асырайды, сол салтпен сізді де балаларыңыз бағып-қақсын», - деді. Шамалғаннан келген кісінің көмейіне құм құйылды (фр.үнсіз қалу), өкпе, шағым сөз сап  тыйылды (бірден, лезде тоқтады).
Беу, дүние-ай!.. Біраз сөзін ұмытып қалыппын, біраз көрген қызықты естен шығарыппын, қартайған кісіден не сұрайсың! Бір қолтығымнан ауыл әкімі Байбақтинов, келесі қолтығымнан Күләш сүйемелдеп (қолтықтау), сүйегімді қиратып алмай үйге жеткізіп салғаны есімде. Немере қызым: «Әже, қарыныңыз ашты ма?»- деп алдымнан нан ұстап жүгіріп шыққанын білемін. Шаршағаннан бөлмедегі төсегіме сүріне жығылыппын.
Мойнымызға бұршақ салып жүріп тілеп (фр.тілек тілеу) алған Президентіміз, Нұрсұлтандай баламның дидарын көріп, сөзіне тойып қайттым!
Осымен жүз бірге келіп бақилық (қайтыс болған) болған анам Жанұзаққызы Жәмиланың әр жылдарда, көзінің тірісінде өз аузымен айтып берген төрт патшаны қалай көргені туралы дәмді әңгімесін бір сөзін де өзгертпей, баяндап берудің сәті түсті.
PrevNext